• Балабақша мен мектеп арасындағы континуум
      • Балабақша мен мектеп арасындағы континуум

      • 17.09.2024
        «Мектеп жасына дейінгі орта мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық» тақырыбында ашық ой алаңы ұйымдастырылды
      • 🔰”БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ КОНТИНУУМ”🔰
        №282  мектеп-лицейінде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың сынып жетекшілері мен мектепке  дейінгі ұйым тәрбиешілерімен бірлесе отырып «Мектеп жасына дейінгі орта мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық» тақырыбында ашық ой алаңы ұйымдастырылды.
        Ашық ой алаңының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалармен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысының 1 – сынып оқушыларын оқытудағы сабақтастық пен байланысты орнату.
        Ашық ой алаңына «Гүлфайруз» балабақшасының тәрбиешісі Қодарова Толғанай, «Ералаш» балабақшасының тәрбиешісі Айғаным Зейнелықызы, «Даража-Ана» балабақшасының тәрбиешісі Мақпал Жүсіпқызы, «Сыр берекесі» балабақшасының тәрбиешісі Зарухан Жолдыбай «Шолпанай» балабақшасының тәрбиешісі Арайлық Қуандықова қатысты.
        1-сыныпқа қабылданған оқушылардың қаламыздағы балабақшалардан тәрбиешілері қатысып өз ойларын ортаға салды.
        Ашық ой алаңы барысында сұрақтар қойылып, мектеп психологтары балабақша тәрбиешілері мен 1-сынып жетекшілеріне тренингтер жүргізіп, постерлер қорғады.
        #bilimkzo

      • Вернуться к списку статей