Ішкі талдау анықтамасы

№282 мектеп-лицейі

Ішкі талдау анықтамасы

    • Ішкі талдау анықтамасы 2
      • Ішкі талдау анықтамасы 2

      • 23.01.2025 05:50
      • №282 мектеп-лицейінің ішкі талдау анықтамасы

      •  

         

         

         

         

         

         

         


         

         

         



        №282 МЕКТЕПТІҢ ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ


         






         

         

         

         

         

                                                            

         

         

         

         

         

         

        Қызылорда, 2025 ж.

         

         

         

        МЕКТЕП ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

         

        Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №282 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылы қаңтарда құрылған. Мектепте бір оқу корпусы бар.

        Мектеп білім беру қызметімен айналысады. Мектептің жобалық қуаты – 600. Ғимараттың жалпы аумағы – 8721, 8 шаршы метрді құрайды. Меншік түрі – мемлекеттік. Мектепті Баймагамбетова Балдырған Ильясовна басқарады.  

        Аталмыш мектептің білім беру қызметіндегі басым бағыты оқытуды инновациялық, ақпарттық-коммуникативтік технологиялар арқылы жүргізу,  қазіргі заман талабына сай білім беру мазмұнын жаңартып  отыру. Сонымен қатар, білім алушылардың  бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен құзыреттіліктерін дамыту жұмысына бағытталған. Мектеп геотехнология бағыты бойынша жұмыс жасайды.

        Мектептің  негізгі миссиясы: Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  кәсіби құзыретті маман даярлауға жағдай жасау. Студенттерді арнайы кәсіби сферада маман ретінде жұмыс жасай алуға және қазіргі заманғы үдемелі қоғам дамуы аясында әлеуметтік белсенді тұлға ретінде тең құқылы етіп тәрбиелеу,  мамандығына сай  әдет - ғұрып және эстетикалық нормаларды бойларына сіңіру. Жеке тұлға қасиеттерін  мемлекеттік - елжандылық  құндылықтар негізінде бағыттау, өзін-өзі қамтамасыз ете алуы, өз қабілеті мен  күшін  жеке бас және  қоғам игілігі үшін ұтымды қолдануға үйрету. 

        Мектеп заманауи материалдық-техникалық базамен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен жабдықталған.  Сонымен қатар, мектептің кітапханасында  68257  кітап қоры жинақталған, 1 лэд экран, 29 интерактивті тақта, 104 компьютер,  интернет және Wi-Fi нүктелерін тарататын компьютерлік жүйелері бар.

        Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруы тиісті деңгейде жолға қойылған. Мектепте «Жас Өркен» дебат клубы, «Балалар кітапханасы», «Мектеп театры» жұмыс жасайды.

        Сауатты, сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектептің әкімшілік құрамының атқаратын қызметі зор.

        Мектептің әкімшілік құрамы:

        1. Баймагамбетова Балдырған Илясовна – мектеп директоры, педагог-зерттеуші;
        2. Ауханова Лилия Сериковна – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы;
        3. Зікір Гүлжазира Гауыслагзамқызы - директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары (бастауыш сыныптар бойынша), педагог-сарапшы;
        4. Барлибаева Макпал Кабулбековна - директордың бейінді оқу жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы;
        5. Нұрәліқызы Ақерке - директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы;
        6. Серік Дархан Бейсенәліұлы - директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы;
        7. Танкеев Шахмардан Қайырбекұлы – директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары;
        8. Косымбаева Баян Бекарыстановна – мектеп психологі, педагог-модератор;
        9. Абайділдаева Сандуғаш Таңсықбайқызы – мектеп психологі;
        10. Жарасбаева Салтанат Орынбаевна – педагог-логопед, , педагог-модератор;
        11. Әшім Алтынай Балғабайқызы – педагог – дефектолог;
        12. Ермахан Аралбай – ұйымдастырушы педагог;
        13. Рүстемов Заманай Самалбекұлы – мектеп тәлімгері, педагог-модератор.

        Мұғалімдер ұжымының кәсіби шеберлігін арттыру, оның            шығармашылық қарымын тұлғалық дамыту мектептегі пән бірлестіктерінің басты жұмыстарының бірі болып табылады. Осы мақсатта мектепте 7 бірлестік  жұмыс жасайды.

         

        Бірлестік атауы

        Бірлестік жетекшісі

        1

        «Бастауыш сынып» бірлестігі

        Айназарова А.

        2

        «Гуманитарлық пәндер» бірлестігі

        Талқанбаева М.

        3

        «Тілдер» бірлестігі

        Кисикова Н.

        4

        «Информатика, физика, математика» бірлестігі

        Исабай С.

        5

        «Жаратылыстану» бірлестігі

        Абишева Г.

        6

        «Денешынықтыру пәні» бірлестігі

        Ералиев А.

        7

        «Эстетика» бірлестігі

        Романкулова Ж.

         

         

        КАДРЛЫҚ ҚҰРАМҒА ТАЛДАУ

         

                 Мұғалімдер құрамы жұмысқа өз өтініші негізінде әрі қарай еңбек шартын жасау арқылы қабылданады. Кадрларды іріктеуді және орналастыруды орта жалпы білім беру ұйымы қызметкерлерінің үлгі штатына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау кезінде жаңа идеяларды іздеумен ерекшеленетін, оқытуға жеке көзқарасты қамтамасыз ететін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін арнайы жұмыс әдістерін қолданатын, балалармен сенім мен сыйластық қарым-қатынасын құруымен ерекшеленетін шығармашыл мұғалімдерге басымдық беріледі.

         

        Білім беру ұйымындағы педагог кадрлардың білім-біліктілігінің әлеуеті

         

        Оқу жылы-

        Барлық педагог саны

        Жоғары білімі бар

        Орта білімі бар

        Ғылыми дәрежесі бар педагогтар /магистр, Phd доктор/

        Шебер педагогтар

        Зерттеуші

        Сарапшы

        Модератор

        Санаты жоқ

        1000 көшбасшы кадрлық резервінен өткені

        2024-

        2025

        120

        114

        6

        13

        -

        4

        жоғары

        сынып

        13 жоғары

        сынып

        43 жоғары

        сынып

        33 жоғары

        сынып

        1

        3 бастауыш

        8 бастауыш

        11 бастауыш

        5 бастауыш

         

        Мектепте барлық құжаттар ҚР Білім және ғылым министрінің «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 27.01.2016 ж. №83 бұйрығы бұйрығымен бекітілген, педагог мамандарды аттестатау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

         

         

         

         

         

        Оқу жылдары

        Жалпы саны

        Педагог

        Модератор

        Сарапшы

        Зерттеуші

        Шебер

        I санат

        II санат

        Жоғарғы санат

        2021-2022

        70

        25

        10

        5

        0

        1

        9

        2

        1

        2022-2023

        78

        39

        17

        6

        6

        0

        7

        1

        2

        2023-2024

        125

        81

        24

        15

        5

        0

         

         

         

        2024-2025

        119

        37

        54

        22

        6

        0

         

         

         

         

         

        Аттестацияланған педагог қызметкерлер Педагогтар саны санатын көтерді.

                  Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған педагогтердің (оның ішінде басшылардың үш жылда бір реттен сиретпей) үлесі: 52% 39% Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі»деген жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында үш жылда кемінде бір рет педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысты «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Рспубликасы Заңдарына өзгерістер енгізілді. Осыған орай пән мұғалімдерінің үш жылда бір рет білімін өз пәні бойынша жетілдіру курсынан өтуі қадағаланып отырылды. 2022--2023 оқу жылы 32 мұғалімнің: «Өрлеу» ҰАҚПҚБА ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсын - 18 мұғалім бітірді. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курсынан– 14 адам өтті. Өз білімін жетілдіруде барлық ұстаздар жоспарлы түрде, жоспардан тыс біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. Барлық ұстаздар жаңартылған мазмұнда білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті. Үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі: 94%.  2023-2024 оқу жылы 20 мұғалімнің: «Өрлеу» ҰАҚПҚБА ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсын - 18 мұғалім бітірді. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курсынан– 7 адам өтті. Бұған қоса 17 мұғалім инклюзивті білім беру бойынша ақылы курстардан өтті. 2024-2025 оқу жылы қазіргі таңда 15 мұғалім өз пәні бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен болса, 39 мұғалім ЕББҚ балаларға білім беру курсынан өтті.  Мектеп ашылған күннен бастап мектеп директорының бейінді ісі жөніндегі оорынбасары мұғалімдердің кәсіби өсуіне үлкен көңіл бөледі. Педагог қызметкерлердің жеке іс қағаздары талаптарға сәйкес рәсімделеді (фотосуреті бар, жеке парақ, өмірбаян, диплом мен дипломға қосымшаның көшірмесі, жеке өтініші бар нотариус куәландырған жеке еңбек шарты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі). карточкасы, ЖСН, біліктілігін арттыру туралы сертификаттар) Барлық еңбек кітапшалары, қосымша жұмыс атқарушылардың (совместители) құжаттарының көшірмелері, АУП қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары, штат кестесі бар. Барлық мектеп қызметкерлері қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өтеді. Қызметкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен (өзгерістер енгізу туралы 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338) «Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» және мектептің ішкі тәртібі ережесіне сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерімен таныс. Мектептің барлық қызметкерлері еңбек және орындау тәртібін сақтайды, салауатты моральдық психологиялық ахуал қалыптастырылды. Мұғалімдердің сапалы құрамы олардың кәсіби жетістіктерінен көрінеді, көптеген мұғалімдердің еңбектері кәсіби марапаттарға ие болды. Педагогикалық ұжымның қазіргі құрамынан аттестатталатын кезеңде көптеген мұғалімдер марапатталды.

         

        Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханасы қорының болуы қосымшада көрсетілген. Қазіргі заманда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың, бірі –мектеп кітапханасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда, мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Ол мектеп жүрегі, ажырамас бір бөлігі іспетті. Мынау келген жаңа заман- компьютер заманы болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу, әр баланың бір қасиетті қара шаңырағы-кітапхана. Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Өткен замандардың тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиеті де осы кітап арқылы жетіп отырды.  

        Міндеттеріміз:

        ● Мектеп кітапханасына оқырмандарды тарту.

        ● Кітаптарды насихаттау жұмысын ұйымдастыру.

        ● Оқушылардың кітап оқуға деген ынталарын артыруға көмектеу.

        ● Кітап қорын толықтыру.

        ● Мектепішілік іс шараларға қатысу.

        ● Ұстаздарының кәсіптік шеберлігін дамытуға басылымдар мен әдебиеттерді ұсыну.

        ● Оқулықты сақтау, оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

        ● Ерекше даталармен байланысты әдебиеттерді, басылымдарды насихаттау.  

        2024-2025 оқу жылында 1-11 сынып оқушылары оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді. Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына 2016 жылдың 19 қаңтардың № 44 өзгеру енгізіп және Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министірінің 2019 жылдың 17 мамырындағы № 217 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, Қ.Р БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрғына сәйкес, оқу әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша көркем әдебиеттердің, оның ішінде электронды оқулықтардың жеткізгіштердің тізбесі бектілді. Оқу - әдістемелік 100%, Көркем әдебиет 80% электронды оқулық 50% 1-4 сыныпптар Алматы кітап, Атамұра, 5-9- сынып Атамұра, Мектеп, 10-11 сынып Мектеп баспасымен оқиды.  Кітапхананың оқу залында оқушылар мен ұстаздарға библиографиялық және анықтамалық басылымдар мен энциклопедиялар қоры ұйымдастырылған. Мерізім басылымдар түптеліп тігілген. Мектеп кітапханасында кітап қоры ББК кестесі бойынша орыналастырған. Кітапхана қызметі «Мектеп кітапханасының негізгі нұсқаулық» бойынша және мектеп кітапхана ережесіне сай атқарылады. Мектеп кітапханасы-кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыста болып әр түрлі іс шаралары, байқаулар және кітап көрмелерін ұйымдастырып отырлады.

        Қазіргі таңда мектеп кітапханасының қорында: Оқулықтар саны - 61 593 дана,  электрондық оқулық саны- 343 дана.  Көркем әдебиет саны -  6200 дана.

         

        2024-2025 оқу жылындағы № 282 мектеп – лицей  оқушыларының әлеуметтік картасы   

        Көрсеткіш атауы

        Саны

        1

        Барлық оқушылар:

        1029

        2

        Ұлдар

        514

        3

        Қыздар

        515

        4

        Толық отбасылар

        769

        5

        Толық емес отбасылар

        260

        5.1.

        Толық емес отбасылар (ажырасқан)

        169

        5.2.

        Толық емес отбасылар (некесіз)

        47

        5.3.

        Жартылай жетім (әкесі қайтыс болған)

        38

        5.4.

        Жартылай жетім (анасы қайтыс болған)

        6

        6

        Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

        6

        7

        Көп балалы

        574

        8

        Өгей әке

        7

        9

        Өгей ана

        2

        10

        Алыстан қатынап оқитындар

        25

        11

        Жалдамалы пәтерде тұратындар

        85

        12

        Аз қамтылған отбасы оқушылары

        215

        13

        Атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушылар (АСП)

        155

        14

        Мектеп шешімімен көмек алатын оқушылар

        12

        15

        Тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылған оқушылар 1-4 сынып бойынша:

        5-10 сынып бойынша:

        478

         

        217

        16

        ИДН-есебінде

        3 отбасының 9 баласы

        17

        Мектепішілік бақылау есебінде

        0

        18

        Тәуекел тобындағы бала

        2

        19

        Ұлттық құрамы қазақ:

                                   өзбек:

        1026

        3

        20

        Оралман

        2

        21

        Үйден оқитын оқушылар

        8

        22

        Ерекше білімді қажет ететін оқушылар

        24

        23

        Заңды өкілінсіз жүрген оқушылар (туыстарымен бірге тұратындар)

        0

        24

        «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алған оқушылар

        80

        25

        Қоғамдық көлікте тегін жүретін оқушылар

        -

        26

        Қолайсыз отбасынан шыққан оқушылар

        3

        2024-2025 оқу жылындағы қаржылай көмек алған оқушылар саны – 405, 8 –і жеке мектеп оқушылары. Қазан, қараша айларында қолайсыз отбасынан шыққан 3 отбасы балаларының үйіне тұрмыстық акт жұмысы жүргізілді.  Желтоқсан айында қамқорлыққа алынған 6 оқушының үйіне тұрмыстық акт жұмысы жүргізілді.

         Әлеуметтік көмекке мұқтаж 3 отбасы балалары ыстық тамақпен, киім-кешекпен қамтылды.

        №282 мектеп-лицей  КММ-нің директорымен бекіткен психологиялық қызмет бойынша педагог-психологтың  жұмыс жоспары бар.

        Психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелері жинақталған;

        Психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесі бар;

        Білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары бар;

        Психологиялық тексерудің нәтижелері, қорытындылары мен ұсынымдары жинақталған папкасы бар;

        Жеке кеңестерді  тіркеу журналдары жүргізілген,құпиялығы сақталған.

                  Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында   1- 4 сыныптар арасында 544 оқушы бар . Психологиялық қызмет бойынша жыл бойы жүргізілетін зерттеу жұмыстарына,өткізілетін психологиялық түзету-дамыту сабақтарына 1-11 сынып арасында 1090 оқушының ата-анасынан келісім парағы алынды.6 ата-ана қарсы.

        Оқушылар мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.  Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған.

               Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, Сынып жетекшісі оқушылармен  жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.

               Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға  қадағалау бар.    

              Білім алушының мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу 1-сынып оқушылары,сынып жетекшілері,ата-аналары тарапынан диагностика жұмыстары жүргізілді.    Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.

        Күні: 20.09.2024

        Сынып: 1 «а», 1 «ә»,1 «б»,1 «в»,1 «г»,

        Түрі: диагностика(сауалнама)

        Мақсаты: Оқушылардың мектепке бейімделуін  бағалау.

        Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.

         

        Білім алушының қарым-қатынасын,іс-әрекетін және мотивтерін бағалау мақсатында 2-сынып оқушылары ,ата-аналары,сынып жетекшілері тарапынан диагностика жұмыстары жүргізілді.

        Күні: 22.09.2024

        Сынып: 2 «а», 2 «ә»,2 «б»,2 «в»,2 «г»,

        Түрі: диагностика(сауалнама)

        Мақсаты: Оқушылардың мектепке бейімделуін  бағалау.

        Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.

         

         

        Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.

         

         

        Баланың өзін-өзі бағалауы және оқушыны ата-аналар мен педагогтың тестімен бағалауы 3 - 4 сынып оқушылары

         

        Күні: 24.09.2024

        Сынып: 3 «а», 3 «ә»,3 «б»,3 «в»,3 «г»

                        4 «а», 4 «ә»,4 «б»,4 «в»,4 «г»

        Түрі: диагностика(сауалнама)

        Мақсаты: Оқушылардың мектепке бейімделуін  бағалау.

        Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.

         

         

         

         

         

         

        Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.

         

         

         

        Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.

        \s

         

         

        15- қыркүйек күні «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысьы қылмыстардың алдын-алу» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Рысбай Бақытжан Жанабайұлы мен  кездесу өткізілді.

        Мақсаты: оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және профилактикалық шаралар ұйымдастыру балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау .

        16-18 қыркүйек аралығында 7-11 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылыққа,жәбірлеуге ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

        Мақсаты: күшпен қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа көндіру,зорлау.Жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау т.б

        9-10 қазан аралығында 7-9 сыныптар арасында «Буллинг және кибербуллинг»  туралы оқушыларға кеңес беру, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

        Кездесу барысында жаңа терминдерге түсініктеме берілді. Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен əрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы əрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, əлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалады.

        14 – қазан 6 сынып оқушыларына «Қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді.

        Мақсаты:оқушылардың қарым-қатынасқа деген қажеттілік деңгейін анықтау,қарым-қатынас өрісін дамытып,бір –бірімен білімдерін,тәжірибелерімен ауысу.

        Тренинг барысында оқушылар өздеріне деген сенімділігін арттыруға арналған жаттығулар орындалды.Барлығы белсенді қатысып,өздерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерімен бөлісті.

         

        17 қазан күні 9 «А» , 9«Ә» сынып оқушыларына «Жақсы көңіл-күй –жан азығы» тақырыбында тренинг өткізілді.

        Мақсаты: Оқушыларға  психологиялық тұрғыда қолдау көрсету. Қарым-қатынастарын жақсарту. Психологпен альянс орнату.

        Тренинг барысында қыздармен қызықты ойындар ойнатылып, шаттық шеңбері арқылы психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

        Тренинг соңында сұрақ-жауап алыңды. Яғни сыныптың бір-бірімен қарым-қатынасарын анықтау мақсатында.

        21-22 қазан аралығында жасөпірімнің психикалық саулығын бағалау НСВ-10 тесті 5-6 сынып оқушыларынан алынды.

        Кешенді тесттің қорытындысы бойынша 3-оқушы мектепішілік бақылауға алынды.

         

         

        23-24 қазан аралығында  жасөспірімнің психикалық саулығын М.Ковач сауалнамасы 7-11 сыныптардан алынды.Нәтижесінде 6-  оқушы мектепішілік бақылауға алынды.

         

         

        15-18 қараша аралығында  бастауыш сыныптардан орта мектептерге көшу кезінде оқушыларды оқыту мотивациясын зерттеу мақсатында  М.Р.Гинзбург әдістемесі 5-сынып оқушыларынан алынды.

        Қорытынды бойынша оқу мотивациясының даму деңгейі қалыпты.

         

         

        19-21 қараша  аралығында сыныптағы психологиялық климатты зерттеу мақсатында Л.Г.Федоренконың сауалнамасы 5-сынып оқушыларынан  алынды.

        Қорытынды бойынша сауалнамаға  102  оқушы қатысты.Нәтижелерді өңдеу бойынша 6-12 ұпайды – 90 оқушы (81.5 %)сыныптағы психологиялық ахуалды жоғары бағалайды.Олар бірге оқитын адамдарды жақсы көретінін көрсетті.

        13-18 ұпайды -11 оқушы  (17%) сыныптың психологиялық климатына немқұрайлы қарайды.Оның басқа топтағы қарым-қатынасы ол үшін маңызды деп жауап берді.19-30 ұпай -1 оқушы (1.5 %) сыныптағы психологиялық ахуалды өте нашер деп бағалайды.Бұл оқушымен сұхбат жүргізілді.Сынып жетекшіге ұсыныс берілді.

          Желтоқсан  айында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 7-9 сынып          оқушыларына баяндама оқылды

         Мақсаты: Агрессия ұғымын түсіндіру. Жеткіншек  кезеңдегі зорлық-зомбылық  ерекшеліктерін талдау.

          Нәтижесінде: Барлық сынып оқушылары белсене қатысты.Оқушылар зорлық-зомбылықтын   түрлері туралы айтты.Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.Өздерін мазалаған сұрақтарға да жауап алды.

              «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ!»   іс-шара  жоспарына  сәйкес   желтоқсан айының  10-13  аралығында 5-6 сынып оқушыларына зорлық-зомбылық  кері  әсерлерін  түсіндіру,ата-аналармен  жағымды қарым-қатынас  орната  білуге  үйрету ,  зардап шеккен  жағдайда  психологиялық  тұрғыдан  күресе  білуге  тәрбиелеу, салауатты  өмір салтына  қол жеткізуде, денсаулықты  сақтау мен  нығайтудағы басты міндеттердің бірі-бала құқығын қорғау, зорлық -зомбылыққа қарсы күрес жүргізу болып табылады. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы,  олай болса  оқушыларға  азаматтық  құқықтармен бас бостандығын  қорғауға  үйрету, жаман  әдеттерден  аулақ  болу, саналы азамат болуды үйрету. Салауатты өмір сүрудің негізі  күрделі  мәселесі-жаман қылық, яғни зорлық – зомбылықтан аулақ  болу,  мақсатында сурет көрмесі ұйымдастырылды..

             «Интернетке, компьютерге және  ойынға  тәуелділікті анықтау»  тақырыбындағы  5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды.

        Мақсаты: Интернетке  тәуелділікті анықтау үшін немесе  интернеттегі мінез-құлықты анықтауға  арналған  құрал болып табылады және  виртуалды қарым-қатынасының ерекшеліктері мен салдарын зерттеуге көмектеседі.Оқушылар сауалнамаға жақсы жауап берді. Сауалнама барысында оқушылар интернетке тәуелді емес екенін  белгілі болды.

        «Темекі шегудің, нашақорлықтың маскүнемдіктің алдын алу»  тақырыбында  8-сынып оқушылар арасында «темекі шегуге, нашақорлыққа маскүнемдіктің алдын алу тақырыбында тренинг жүргізілді.

        Тренинг барысында мектеп психологы С Абайділдаева мен Б.Косымбаева   оқушылармен амандасып, темекінің зиянны қандай екенің оқушыларға айтып түсіндіріп өтті. Оқушылар сұрақ жауап арқылы жаттығу жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісті темекінің зиян екенің темекіні оқушылардың пайдалануға болмайтының түсінді.  Содан  кейін өз  көңіл- күйін  тек қолымен  көрсетеді: нашар көңіл-күй  алақан бір –бірімен  жанасады, жақсы –қолы  екі жаққа  бағыттау арқылы өз көңіл –күйлерін білдіреді.

                  Психологиялық түзету-ағарту жұмыстары бағытында  ата-ана, сынып жетекшінің сұраныстары бойынша оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді.

        Психологиялық қолдау тобында 2024-2025 оқу жылында барлығы 2 оқушы бар.

        Өз-өзіне қол жұмсау негізінде -1 оқушы.

        Кешенді тесттің қорытындысы бойынша-1 оқушы.

        Қолайсыз отбасы -2

        Мектепішілік есепте - 4 оқушы

        Өгей әкемен тұратын оқушылар – 7

        Өгей анамен тұратын оқушылар -2

        Қамқоршы оқушылар- 6

        Цифрлық ұстаз жобасы аясында -26 оқушы

        Кеңес алғандар саны-34

        Сынып жетекші  сұранысы -12

        Жеке кеңес - 15

        Ата-ана сұранысы бойынша- 11 

         

         

         

         

         

         

         

        2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы  №432 бірлескен бұйрығы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада №25349 бұйрықтарына сәйкес, лауазымы бойынша бос жұмыс орнына жарияланған конкурс бойынша «Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары» лауазымына Ауханова Лилия Сериковна, «Химия пәнінің мұғалімі» лауазымына Омарова Индира Шамшидиновна, «Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» 2 бос орынға жарияланған лауазымына Нұрәліқызы Ақерке, Серік Дархан Бейсенәліұлы, «МАД сыныбының жетекшісі» лауазымына Нұрсұлтан Динара, «Әлеуметтік педагог» лауазымына Садуахасова Лаура Ғаниқызы, «Мектеп директорының бейінді ісі жөніндегі орынбасары» лауазымына Барлибаева Макпал Кабулбековна, «Дефектолог» лауазымына Әшім Алтынай, «Тәлімгер» лауазымына Рүстемов Заманай, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» лауазымына Абдулла Назым,  «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» лауазымына Рамазанова Асел тағайындалды.

         

         

         

        Мектеп директоры ______________ Б.И.Баймагамбетова

      • Вернуться к списку статей